Венесуэла оппозициясының жетекшісі өзін президент деп жариялап, армияға үндеу жасады
Гонсалес өзін президент деп жариялап, әскерилерден қолдау сұрады – АҚШ оны заңды жеңімпаз санайды.

Эдмундо Гонсалес – 2024 жылғы сайлауда АҚШ жеңімпаз деп таныған Венесуэла оппозициясының жетекшісі – өзін ел президенті деп жариялап, қарулы күштерді өз билігін қолдауға шақырды. Оның мәлімдемесі Х әлеуметтік желісінде таралды.
Ол өз үндеуінде қазіргі билікті "узурпациялаған" тұлға елден кеткенін және енді жауапқа тартылатынын айтты. Гонсалестің пікірінше, 28 шілдедегі сайлауда халықтың еркін білдіретін дауыс нақты ескерілгенде ғана елде шынайы тұрақтылық орнайды.
Бұл туралы Todayinfo ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Венесуэланың ұлттық сайлау кеңесі президенттік сайлауда Николас Мадуроны жеңімпаз деп жариялаған. Алайда АҚШ өкілдері дауыс беру нәтижелеріне сүйене отырып, Гонсалесті заңды жеңімпаз деп таныған болатын.
Эдмундо Гонсалес президентВенесуэла саяси дағдарысыВенесуэла оппозиция армияға үндеуВенесуэлаДональд Трамп
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·