Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы хат жолдап, оны Майамиде өтетін G20 саммитіне ресми түрде шақырды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды

АҚШ президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми хат жолдап, оны G20 саммитіне шақырды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.

Ақ үй басшысы өз хатында Қазақстан Президентін жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде, сондай-ақ Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында күтетінін жеткізген.

Сонымен қатар Дональд Трамп ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиынындағы кездесуді ерекше ықыласпен еске алатынын атап өткен. Бұл екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңыздылығын көрсетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырды · Todayinfo