Димаш Құдайберген Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің ізгі ниет елшісі атанды
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жиын дінаралық диалогты нығайтуға және бейбітшілік пен келісім мәдениетін жаһандық деңгейде ілгерілетуге бағытталған. Осы мақсатта былтыр белгілі қоғам және дін қайраткерлері Съ

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жиын дінаралық диалогты нығайтуға және бейбітшілік пен келісім мәдениетін жаһандық деңгейде ілгерілетуге бағытталған. Осы мақсатта былтыр белгілі қоғам және дін қайраткерлері Съездің Ізгі ниет елшілері ретінде сайланған болатын, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Олардың қатарында әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген де бар. Осыған байланысты Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев әншімен арнайы кездесіп, оған Ізгі ниет елшісі белгісін ресми түрде табыс етті.
Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, Димаш Құдайберген қазақтың ұлттық мәдениетін халықаралық аренада насихаттап қана қоймай, өнері арқылы бейбітшілік пен ізгілік идеяларын жаһандық деңгейде таратуға үлкен үлес қосып келеді.
«Бұл маңызды миссия Съездің құндылықтарымен де үндесетіні белгілі. Димаштың өнері – бірлік пен келісімді нығайтуға бағытталған күшті құралдардың бірі», – деді Сенат Төрағасы.
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дінаралық және өркениетаралық диалогты нығайту жөніндегі бастамалары талқыланды. Сондай-ақ, Съезге және Жас діни лидерлер форумына дайындық барысы сөз болды.
«Димаш алдағы уақытта өнері мен креативті жобалары арқылы бірлік пен келісімді халықаралық деңгейде насихаттауды жалғастырады деп сенеміз. Талантты бауырымызға шығармашылық табыс және барлық бастамаларына сәттілік тілейміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
Ізгі ниет елшісідимаш құдайбергенҚасым-Жомарт ТоқаевкелісімМәулен ӘшімбаевӘлемдік және дәстүрлі діндер съезідінаралық диалогБейбітшілік
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·