Дихлофостан 4 баласы қаза тапқан отбасында тағы бір сәби көз жұмды
Фото: istockphoto.com Ресейдің Краснояр өлкесінде өткен жылы дихлофоспен улану салдарынан төрт баласынан айырылған отбасы тағы да қайғылы жағдайға тап болды. Бұл жолы олардың үш айлық нәрестесі қайтыс болды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Сәби өз бесігі

Фото: istockphoto.com
Ресейдің Краснояр өлкесінде өткен жылы дихлофоспен улану салдарынан төрт баласынан айырылған отбасы тағы да қайғылы жағдайға тап болды. Бұл жолы олардың үш айлық нәрестесі қайтыс болды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Сәби өз бесігінде өлі күйінде табылған
SHOT Telegram арнасының мәліметінше, сәби өз бесігінде өлі күйінде табылған. Алдын ала болжам бойынша, өлімге құсудан туындаған механикалық асфиксия себеп болған.
Бала емшек сүтімен қоректенген және денсаулығына байланысты медициналық есепте тұрмаған. Қазір прокуратура қайғылы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.
Отбасының басынан өткен алғашқы трагедия
Қайғылы оқиға алғаш рет 2023 жылдың 20 қыркүйегінде болды. Ол кезде 6, 11, 12 және 13 жастағы төрт бала белгісіз заттан уланып, ауруханада көз жұмған. Ал олардың жүкті анасы мен әкесі ауруханаға жеткізілгенімен, аман қалған.
Тергеу барысында балалардың жергілікті дүкеннен сатып алынған тұшпара мен тауық етінен уланғаны туралы болжам жасалған. Алайда сараптама бұл нұсқаны теріске шығарды. Кейіннен уланудың нақты себебі анықталды: отбасының әкесі «Варан» дихлофосын үйдің барлық бөлмелеріне шашқан, бірақ желдетуді дұрыс жүргізбеген – тек кішкентай терезені ашқан.
Осы жағдайдан кейін отағасына абайсызда адам өліміне себепкер болды деген айып тағылды.
Тірі қалған 32 жастағы Виктория бесінші баласын дүниеге әкелгеннен кейін, отбасымен бірге бұрынғы үйлерінен уақытша көшіп, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Алайда жаңа туған сәби де ұзақ өмір сүрмеді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·