Дәулет Мұқаевтың өзі VIII сайланған Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. 1992 жылы Абай облысы Семей қаласында дүниеге келген. Таяуда жазған жазбаларының бірінде депутат өзінің ауырып қалғанын хабардар еткен еді.– Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма деп,ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім… қайтейін?! Тағдыр басқалай болды. Ерсің бе, әйелсің бе, жассың ба, кәрісің бе, хан бол, қара бол Ананың орны бәрінен биік, бәрінен бөлек, бәрінен ерек.Күлекең мен Төлеутай әкеңді сонау “көшбасшыға” өзіңе жанкүйер болып студияға келіп жүрген кезінен білем ғой. Баласы үшін құрақ ұшқан ата-ана. Құдай берген ұл-қызына бәрін сарқып берген жанкешті адамдар. Қарапайым қазақ. Күлекең мейірбике, Төлеутай әкей сол ауруханада ұста. Екі баланы жеткізіп, Семейден Астанаға көшіп келіп, енді құлашын кеңге жайып, немересін мейірлене сүйіп отыратын кезде… қап,қап! Төкеңе қайғырып көңіл айтамын! Жарасып өмір сүрген жұбынан қапыда айырылу жан азабының ең ауыры. Дәуке,Лаура, Арука, туған-туыс,дос бауырға қайғыра көңіл айтамын! Сабыр… – деп жазды журналист.
Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды
Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды. Бұл жайлы әлеуметтік желіге журналист Дана Нұржігіт жазды. – Дәулетжан, айналайын! Кеше ғана сөйлесіп, жағдайыңды біліп отырған едім. Күлекеңнің денсаулығы оңалып келе жатыр ма деп,ең болмаса жылтыраған үміт бар ма деп едім… қайтейін?!

Депутат Дәулет Мұқаевтың анасы қайтыс болды. Бұл жайлы әлеуметтік желіге журналист Дана Нұржігіт жазды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·