Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалында "Арсенал" өз алаңында Мадридтің "Атлетико" командасын қабылдайды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Командалар арасындағы алғашқы кездесу Мадридтегі "Метрополитано" стадионында 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Екі гол да пенальтиден соғылды: "Арсенал" сапынан Дьекереш 44-минутта, ал "Атлетико" сапынан Хулиан Альварес 55-минутта мергендік танытты.
"Атлетико" шабуылшысы Хулиан Альварес үшін бұл матч ерекше маңызға ие. Ол Чемпиондар лигасының жартылай финалында үш түрлі клубтың сапында гол соққан алғашқы ойыншы атануы мүмкін.
Қарымта матчты бүгін, 5 мамыр 2026 жылы сағат 23:50-де "Qazaqstan" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады.




