Бүгін Бас прокуратура мен Интерполдың үйлестіруімен ІІМ Қазақстанның Грекиядағы Елшілігінің көмегімен аса ірі көлемдегі алаяқтыққа күдікті Қазақстан азаматшасын Грекиядан экстрадициялады, деп хабарлады қадағалау органы.
Тергеу деректері бойынша, 2021 жылы Алматыда көлік компаниясының бухгалтері болып жұмыс істеп жүріп, ол басшыдан 230 мың АҚШ долларын банк ұяшығында сақтау сылтауымен алған, алайда ақшаны иемденіп кеткен.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті елден тыс жерге жасырынып, халықаралық іздеу жарияланды.
2024 жылғы маусымда ол Грекия аумағында ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша оны Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім қабылданды.
Қазақстан мен Грекия арасында тікелей әуе қатынасының болмауына байланысты транзиттік тасымалдау Қазақстанның Сербия Республикасындағы Елшілігінің көмегімен ұйымдастырылды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына орналастырылды.
Тандалған әрекет үшін мүлікті тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейін айыру жазасы көзделген.
Фото: Бас прокуратура




