Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларБарлық жазбаларды қарау

Шексіз байлық, шалқыған өмір: экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 85 жасқа толды

Қазақстанды 28 жыл үздіксіз басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мерейлі жасқа толды, деп хабарлайды Todayinfo . Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келді. Қарағандының металлургия комбинатында жұмыс істеген ол партия ко

Авторы Жаннұр Еділбаева··2 мин оқу
Шексіз байлық, шалқыған өмір: экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 85 жасқа толды

Қазақстанды 28 жыл үздіксіз басқарған тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев мерейлі жасқа толды, деп хабарлайды Todayinfo.

Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келді.

Қарағандының металлургия комбинатында жұмыс істеген ол партия комитетінің қызметіне белсенді кіріскен. 1991 жылы 1 желтоқсанда тәуелсіз Қазақстанның алғашқы президенті болып сайланған.

1995 жылы 29 сәуірде жалпыхалықтық референдум өткізіп, президенттік өкілеттігін 2000 жылға дейін созды.

1999, 2005, 2011, 2015 жылдары өткен төрт сайлауда да жеңіске жетіп, президенттік лауазымында қалды. 2019 жылы 19 наурызда халыққа үндеу жасап, президенттіктен кететінін мәлімдеді.

Сайлауға дейін президент міндетін атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді. Ол 20 наурызда Қазақстан халқына ант берді.

2022 жылы қаңтарда болған ірі наразылықтардан кейін бұрынғы президенттің өзі мен оның туыстары ел көзіне түспей кетті. Біраз жақыны шетел асып кетті.

2023 жылы Нұрсұлтан Назарбаев көптеген артықшылықтарынан, соның ішінде мемлекеттен өмір бойы қаржылай қолдау көру, халыққа үндеу жасау және шенеуніктерге кеңес беру құқықтарынан айырылды. Сонымен бірге Елбасы құрметті атағынан да айырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен оның заңды жұбайы Сара Назарбаеваның 3 қызы бар. Үлкен қызы Дариға Назарбаева 2019-2020 жылдары Сенат Төрайымы болған, ортаншы қызы Динара Құлыбаева Forbes журналының әлемдік миллиардерлер тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз әйел. Кіші қызы Әлия Назарбаева түрлі бизнеспен айналысты, мәдениет, экология, білім саласына араласты.

Назарбаев «Менің өмірім. Бодандықтан – бостандыққа» атты естелік кітабында екінші отбасы туралы айтып, 2 ұлы барын мойындады.

Тұңғыш президент көпшілік алдына сирек шығады. Соңғы рет Астанадағы Бас мешітке барып, зиярат жасаған.

Ел экс-президентті елді еркін билеп-төсеп, шексіз байлыққа кенелді деп кінәлайды. Фото:AP Photo / Alastair Grant.

Ұқсас материалдар

Шексіз байлық, шалқыған өмір: экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев 85 жасқа толды · Todayinfo