Сырым ауданы Жымпиты ауылында бір үйдің бес бірдей ұлы газға уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Todayinfo.
Опат болған бүлдіршіндердің туған жылдары мен есімдері жарияланды.
Өрт орнынан 5 бала табылып, ес-түссіз күйде өрт өнімдерінен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген еді:
• Сабиров Раян Ергенұлы, 2019 жылы туған,
• Сабиров Райс Ергенұлы, 2020 ж.т.,
• Сабиров Дияр Ергенұлы, 2021 ж.т.,
• Сабиров Нұрхан Ергенұлы, 2022 ж.т.,
• Сабиров Алихан Ергенұлы, 2023 ж.т.
Белгілі болғандай, шамамен сағат 15:00-де Жымпиты ауылында тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сағат 15:25-те оқшауланып, 15:56-да толық сөндірілді.
Оқиға орнында ТЖД-ның 7 қызметкері және 2 техникасы жұмыс істеді.
Отбасы бес баласымен 30 шаршы метр жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт болған кезде ата-аналары жұмыс орнында болған.
Фото: Freepik



