БҚО-дағы инфрақұрылым: 12 спорт нысаны, 11 мәдениет үйі пайдалануға берілді
Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Батыс Қазақстан облысында 2023–2025 жылдары спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 12 спорт нысаны пайдалануға берілді. Мемлекет б

Бұл туралы БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысында 2023–2025 жылдары спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 12 спорт нысаны пайдалануға берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Орал қаласында 1200 орындық заманауи спорт кешені ашылып, Теректі ауданында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Биыл тағы 9 спорт нысанының құрылысы жүргізіліп, олардың бесеуін жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Облыстың барлық аудан орталықтары дене шынықтыру-сауықтыру кешендерімен қамтылған, нәтижесінде спорт инфрақұрылымға қолжетімділік 66%-дан 76%-ға көтерілді. Бұл өңір халқының денсаулығын нығайту және спорттық белсенділігін арттырудағы маңызды қадам болып отыр.
Мәдениет саласында да айтарлықтай өзгерістер бар. Соңғы үш жылда 11 мәдениет үйі мен мәдени-спорттық кешен пайдалануға берілді, биыл 7 жаңа нысанның құрылысы жүргізілуде, олардың төртеуі жыл соңына дейін ашылады. Ауылдық жерлерде 25 кітапхана жаңғыртылып, Орал қаласында «Самұрық Қазына» қорының қолдауымен «креативті хаб» іске қосылды.
Аталған жұмыстар өңірдің әлеуметтік, мәдени және спорттық әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға ықпал етуде.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
БҚО - да студенттер экологиялық сағат өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Батыс жұртын өлеңімен тамсандырған: Алтайдың ақ самалы Ақжайықта есті
Айдар Керім·

Батыс Қазақстан
«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде
Todayinfo Admin·