Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Атыраулық 8 000-нан астам адам «Кітап FEST» фестиваліне қатысты

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен «Кітап FEST» фестиваліне 8 000-нан астам адам қатысты. Мұндай деңгейдегі іс-шара өңірде алғаш рет өткізіліп, облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Кітап жәрмеңкесінде 5 000-нан астам кітап атауы ұсынылды.

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Атыраулық 8 000-нан астам адам «Кітап FEST» фестиваліне қатысты

Сұлтан Бейбарыс алаңында өткен «Кітап FEST» фестиваліне 8 000-нан астам адам қатысты. Мұндай деңгейдегі іс-шара өңірде алғаш рет өткізіліп, облыстың мәдени өміріндегі маңызды оқиғаға айналды.

Кітап жәрмеңкесінде 5 000-нан астам кітап атауы ұсынылды. Оған республиканың сегіз баспасы, сондай-ақ облыс аудандарынан кітап желілері қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша 4 000-ға жуық кітап сатылды, бұл тұрғындардың оқуға деген жоғары қызығушылығын көрсетеді.

Құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Серік Шәпкенов қонақтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтап, өңірдің ең белсенді оқырмандарына марапаттар табыстады.

Өз сөзінде өңір басшысы Мемлекет басшысы қойған мақсат – оқитын ұлт болу – жай ұран емес, қоғамды мәдени дамуға бастайтын стратегиялық бағдар екенін атап өтті.

- 16-23 сәуір аралығында Ұлттық кітап күніне орай облыста көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл – оқуға деген қызығушылықтың артып келе жатқанының айқын дәлелі. Бүгінгі фестиваль белгілі ақындарды, жазушыларды, әдебиетшілерді және баспа өкілдерін біріктірді. Сіздердің еңбектеріңіз – ұлттың рухани қазынасы. Сөз арқылы сіздер қоғамдық сананы қалыптастырып, жас ұрпақты бағыттайсыздар. Ол үшін шынайы алғыс білдіремін. Сондай-ақ барлық кітапхана қызметкерлеріне ризашылығымды білдіремін, - деді облыс әкімі.

Фестиваль бай мәдени бағдарламамен жалғасты. Атыраулық ақындардың шығармашылығына арналған балалар мюзиклі мен театрлық пролог ерекше әсер қалдырды. «Кітап FEST» қазақстандық эстрада жұлдыздары мен жергілікті әртістердің қатысуымен концерттік бағдарламамен аяқталды.

Ұқсас материалдар

Атыраулық 8 000-нан астам адам «Кітап FEST» фестиваліне қатысты · Todayinfo