Болат Мажағұлов 1 млрд теңге жымқырғаны үшін 8 жыл 6 айға сотталды
Фото: primeminister.kz Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Әсел Мукушова Болат Мажағұловқа қатысты үкім шығарды. Ол Есіл өзеніндегі субұрқақ құрылысына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 8 жыл 6 айға сотталды, деп хабар

Фото: primeminister.kz
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында судья Әсел Мукушова Болат Мажағұловқа қатысты үкім шығарды. Ол Есіл өзеніндегі субұрқақ құрылысына бөлінген 1 млрд теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 8 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Сот шешімімен Мажағұлов өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болды.
Болат Мажағұлов 2016 жылы «Күн» субұрқағын салу кезінде қаржы жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген. 2017 жылдан бері аталған субұрқақ апатты жағдайда тұрғаны белгілі.
Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің әртісі болып бастаған. 2002-2007 жылдары Мемлекеттік филармония, "Ұлан" ұлттық гвардиясы, Астана қаласы Мәдениет басқармасы құрылымдарында қызмет атқарды.
Кейінгі жылдары ол Бейбітшілік және келісім сарайын, Астана қаласы Мәдениет басқармасын, Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасын, сондай-ақ Мәдениет және спорт басқармаларын басқарған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·