Бір сыныптағы қос өлім: Екібастұзда сыныптастар өзіне қол жұмсады
Екібастұз қаласында 17 жастағы ұл мен қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әрбір дерек жеке қаралып, жасөспірімдердің суицидке

Екібастұз қаласында 17 жастағы ұл мен қыздың өз-өзіне қол жұмсауына байланысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу басталды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әрбір дерек жеке қаралып, жасөспірімдердің суицидке баруына не түрткі болғаны және оқиғаның өзге де барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қайғылы жағдайлар әртүрлі уақытта болғанымен, марқұмдардың бір-бірімен бұрыннан таныс болғаны белгілі болды.
Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сауле Шакеневаның айтуынша, жасөспірімдер 2008 жылы туған, әлеуметтік жағдайы жақсы, толық отбасыларда тәрбиеленген. Ұл бала Екібастұздағы мектептердің бірінде 11-сыныпта оқыған, ал қыз жергілікті колледждің бірінші курс студенті болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, әрқайсысы өз үйлерінде өз-өзіне қол жұмсаған. Оларды жақын туыстары тауып алған. Уәкілдің сөзінше, жасөспірімдер бұрын бір сыныпта оқып, достық қарым-қатынаста болған. Оқу орындарында буллинг фактілері тіркелмеген, сондай-ақ олар психолог мамандардың бақылауында болмаған және арнайы есепте тұрмаған.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, қыз баланың суициді жасөспірім ұлдың қазасынан кейін екі күн өткен соң болған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
«Асыл бесік – Ақсуат» фестивалі тоғызқұмалақ турнирімен басталды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Казахстан готовится войти в научную программу ЕС
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Идея справедливости находит широкую поддержку в обществе — председатель партии «Әділет» Айбек Дадебай
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
«Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді» – «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай
Жаннұр Еділбаева·