Бір мақсат, бір бағыт: «Everest Logistics Company» үжымы референдумға ұйымшылдықпен келді
Ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдумға қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар белсенді қатысуда. Бәйтерек ауданында да тұрғындардың азаматтық белсенділігі жоғары деңгейде байқалып отыр, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Соның жарқын көріністе

Ел өміріндегі маңызды саяси науқан – референдумға қоғамның әр саласында еңбек етіп жүрген азаматтар белсенді қатысуда. Бәйтерек ауданында да тұрғындардың азаматтық белсенділігі жоғары деңгейде байқалып отыр, деп жазады Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Соның жарқын көріністерінің бірі – №206 референдум учаскесінде орын алды. «Everest Logistics Company» компаниясының ұжымы ұйымшылдық танытып, 12 арнайы техникамен учаскеге келіп, ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасады.
Бұл көрініс тұрғындардың назарын аударып, еңбек адамдарының ел тағдырына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеді. Компания қызметкерлері жұмыс қарқынына қарамастан, маңызды саяси оқиғадан шет қалмай, азаматтық борыштарын орындауды басты міндет санайтынын айтты.
Ұжым мүшелерінің пікірінше, референдум – мемлекет дамуының келешегіне әсер ететін маңызды қадам. Сондықтан әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы аса маңызды.
№206 референдум учаскесінде дауыс беру процесі талапқа сай ұйымдастырылған. Мұнда келген тұрғындар мен еңбек ұжымдары өз таңдауларын еркін білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау ісіне белсенді қатысуда.
12 техникамен келіп дауыс берген «Everest Logistics Company» ұжымы – бірлік пен жауапкершіліктің айқын үлгісі. Бұл еңбек адамдарының ел тағдырына деген жанашырлығы мен азаматтық ұстанымының көрінісі.
Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан
БҚО - да студенттер экологиялық сағат өткізді
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Оралда 150 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді
Жаннұр Еділбаева·

Батыс Қазақстан
Батыс жұртын өлеңімен тамсандырған: Алтайдың ақ самалы Ақжайықта есті
Айдар Керім·

Батыс Қазақстан
«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде
Todayinfo Admin·