Қырғызстанда бірнеше баланы сатып алып, оларға қатысты азғындық әрекеттер жасаған қазақстандық әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Тергеу мәліметтері бойынша, Қазақстан азаматшасы Израиль азаматымен және жергілікті тұрғынмен бірігіп, Қырғызстанда үш баланы сатып алған. Осыдан кейін олар балаларды шешінуге мәжбүрлеп, денелерінің ұятты жерлерін фото мен видеоға түсірген. Дайын материалдарды қылмыскерлер түрлі мессенджерлер арқылы таратқан.
Бұған қоса, олар жергілікті әйелдің тағы екі баласына ресми түрде қамқорлық рәсімдеп, оларға да дәл осындай зорлық-зомбылық көрсеткені анықталды.
Нәтижесінде Бішкек соты айыпталушыларды кінәлі деп таныды. Сот үкімімен қазақстандық әйел 12 жылға, ал оның қырғызстандық сыбайласы 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сыбайласының мүлкі тәркіленетін болды.
Фото: Әлеуметтік желіден




