Берік Уәли Семейдегі мектеп оқушылары арасындағы жанжалға байланысты жиын өткізді
Фото: gov.kz Абай облысының жаңа әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Жиынға прокуратура, полиция департаменті, Білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөні

Фото: gov.kz
Абай облысының жаңа әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы мектеп оқушылары арасындағы кикілжіңге қатысты жиын өткізді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Жиынға прокуратура, полиция департаменті, Білім басқармасы басшылары және бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қатысты.
🔹 Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
🔹 Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жанжалға қатысқан төрт оқушыны арнайы мектепке жіберуді ұсынды.
🔹 Ата-аналары бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін ата-ана құқығынан айыруға қатысты талап-арыз берілді.
🔹 Оқушылардың заңды өкілдері әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
🔹 Жәбірленушіге облыстық психологиялық қолдау орталығының мамандары көмек көрсетіп жатыр.
Қызметтік тексеріс және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
Абай облысының Білім басқармасы жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, мектеп басшылығының жауапкершілігі қарастырылуда.
Берік Уәли болашақта осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды:
📌 Аймақтағы барлық мектеп қатаң бақылауға алынады
📌 Құқық қорғау органдары ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуі тиіс
📌 Мектептердің қауіп-қатер картасы жасалып, осындай жағдайларда жедел әрекет ету алгоритмі дайындалуы қажет
Сонымен қатар, облыс әкімі қызметтік тексеріс жүргізіп, жауапты тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды, деп жазады 018.kz.
оқушылармектеп жанжалықауіпсіздік шараларыБерік Уәлиата-ана құқығыАбай облысыСемейбілім басқармасықызметтік тексеріс
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·