Бергей Рысқалиевтің тәркіленген пәтерін ақтөбелік шенеунік жекешелендіріп алуы мүмкін
Ақтөбе қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Алимов пен осы бөлімнің басқа да қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеліп жатыр,деп хабарлайды Todayinfo. Тергеу деректеріне сәйкес, 2021–2024 жылдары Жандос Алимов бөлім б

Ақтөбе қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы Жандос Алимов пен осы бөлімнің басқа да қызметкерлері қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен тергеліп жатыр,деп хабарлайды Todayinfo.
Тергеу деректеріне сәйкес, 2021–2024 жылдары Жандос Алимов бөлім басшысы әрі тұрғын үй комиссиясының мүшесі бола отырып, өтініш иелерінің құжаттарын тиісті түрде тексермей, 33 пәтерді заңсыз жекешелендіруге жол берген.
Айта кетерлігі, осы тізімде бұрынғы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевке тиесілі болған пәтер де бар. Аталған пәтер сот шешімімен мемлекетке тәркіленген болатын және Ақтөбе қаласының орталығында орналасқан.
Жекешелендірілген пәтерлердің басым бөлігі апатты жағдайда болмаған, әрі оларды алғандардың арасында бөлім қызметкерлері де бар. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй қорына тікелей залал келтірген.
Шығын көлемі – 122 586 779 теңге
Прокуратураның есептеуінше, мемлекетке келтірілген шығын 122,5 миллион теңгеден асқан. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі таңда Жандос Алимов Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы қызметін атқарып отыр.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Пенсии по-новому: рабочая группа рассматривает несколько сценариев изменений
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Скрытая причина роста цен – как дорожает логистика?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жүргізуші қалғып кеткен: Ақмола облысында 17 тонна саңырауқұлақ тиеген жүк көлігі аударылып қалды
Айдар Керім·

Жаңалықтар
В Актюбинской области партийцы и киберполиция объединились против интернет-мошенников
Жаннұр Еділбаева·