Белсенді Алматыда 8 наурызда шеру өткізуге рұқсат беруді талап етіп пикетке шықты
Вероника Фонова пикетке плакат алып шықты. Онда "Сенің маршқа баруың үшін мен осында тұрмын" деп жазылған. Екінші жағында "өткен пикетте маған шабуыл жасаған Никита Бура жазаланады ма?” делінген. 3 ақпанда белсенді бір рет пикетке шыққан. Сол күні белгісіз адам одан плакатты тарт

Вероника Фонова пикетке плакат алып шықты. Онда "Сенің маршқа баруың үшін мен осында тұрмын" деп жазылған. Екінші жағында "өткен пикетте маған шабуыл жасаған Никита Бура жазаланады ма?” делінген.
3 ақпанда белсенді бір рет пикетке шыққан. Сол күні белгісіз адам одан плакатты тартып алмақ болған.
2 ақпанда белсенді Юлия Берген Алматыдағы Республика алаңында Тәуелсіздік монументінің жанында пикет өткізді. Ол сондай-ақ 8 наурызда шеруге рұқсат беруді талап етті.
Алматы әкімдігі 8 наурыздағы шеруге неге қарсы
Белсенділердің айтуынша, билік "аталған тақырыпта бейбіт жиналыстар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін" деп қауіптенеді.
Осындай тұжырыммен әкімдік феминистердің былтырдан бері үш өтінімін орындамаған.
Белсенділер әкімдікке тағы да жүгінуге ниетті.
8 наурыздағы шеру
2023 жылдың 8 наурызында Алматыдағы Ганди атындағы саябақта феминистер митингісі өткен еді. Оған кемінде 500 адам жиналған.
Митинг Алматы әкімдігімен келісілді. Бастапқыда феминистер шеруде 2022 жылғыдай жүріп өтпек болған. Алайда билік бұған рұқсат берген жоқ.
Содан кейін қыздар мен жігіттер митингке плакаттар мен ұрандармен келді. Олар тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтындарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды, қылмыскерлерге жазаны күшейтуді және әйелдердің құқықтарын сақтауды талап еткен.
Дереккөз: ulysmedia.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·