Белгілі ақын, журналист Мұрат Тастағанов өмірден өтті
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақ журналистикасы мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағановтың дүниеден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Қазақ журналистикасы мен поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Мұрат Мырқанұлы Тастағановтың дүниеден өтті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Айта кетейік, Мұрат Мырқанұлы 1953 жылы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының Сарықамыс қыстағында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдап, «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде және өңірлік БАҚ-та ұзақ жыл еңбек етті.
«Мәңгі жас ғұмыр», «Марқакөлім – мөп-мөлдірім, мерейім», «Алтын тау – Алтай» жыр жинақтарының авторы, 60-тан астам әннің сөзін жазған. Ол «Күршім ауданының Құрметті азаматы» атанып, туған өлкесінің рухани өміріне өлшеусіз үлес қосты.
Ол ана тілі мен ұлттық рухтың жанашыры болды.
«Қазақ тілі» қоғамының Өскемен қалалық ұйымын басқарып, сөздің киесін, тілдің қадірін ұлықтады. Кейін облыстық теле-радиокомпанияда, Семейдегі «Ертіс өңірі» газетінде және Әміре Қашаубаев атындағы филармонияда қызмет етіп, мәдениет пен өнердің дамуына елеулі еңбек сіңірді.
Мұрат Мырқанұлының қаламынан туған мақалалары, ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз.
Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
За два месяца КНБ добился осуждения 13 человек по террористическим и экстремистским статьям
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Астане пресечена схема незаконного оформления ИИН иностранцам
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанада ЖСН “саудасы”: шетелдіктерге құжат заңсыз жасалған
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
13-летний подросток задержан по делу о гибели 12-летнего мальчика в Алматы
Жаннұр Еділбаева·