Todayinfo.kz
Батыс ҚазақстанБарлық жазбаларды қарау

Батыс Қазақстанда “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті

2025 жылдың 17 сәуір күні Орал қаласындағы “Оқушылар үйінде” облыстық “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған. Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, “Қазақстан қоғамында діни э

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Батыс Қазақстанда “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті
2025 жылдың 17 сәуір күні Орал қаласындағы “Оқушылар үйінде” облыстық “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті. Аталған іс-шара діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған. Турнирге өңірдегі 4 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, “Қазақстан қоғамында діни экстремизмнің алдын алу үшін білім беру жүйесі түбегейлі өзгеруі керек пе?” деген қарар аясында пікір алмасты. Пікірсайыс нәтижесі бойынша: •Бас жүлдені “Ақиқат” фракциясы жеңіп алды; •“Үздік мақала” номинациясы бойынша – Дүйсенғалиев Айдос; •“Үздік видеоролик” номинациясы бойынша – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Аталған турнир – жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтауға және діни радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыруға бағытталған маңызды шаралардың бірі.

Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстанда “Жастар қалқаны – 2025” пікірсайыс турнирі өтті · Todayinfo