Инвесторларға қолайлы жағдай жасау – жергілікті атқарушы орган жұмысының негізгі бағыттарының бірі.Талқылаудың маңызды бөлігі инженерлік инфрақұрылымға қатысты болды. Облыста индустриялық аймақ аумағында қолданылуы мүмкін «Қолжетімділік үшін төлем» тетігі назарға алынды. Бұл тәсіл бойынша инженерлік желілерді бастапқы кезеңде инвестор өз қаражатына жүргізеді, ал нысандар пайдалануға берілгеннен кейін шығын белгілі бір мерзім ішінде кезең-кезеңімен өтеледі. Өтеу тәртібіне индустриялық аймақ қатысушылары мен мемлекет тарапынан қолдау қарастырылады. Кездесу соңында облыс әкімдігі мен «KAZAKH INVEST» компаниясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Сонымен қатар «Vega Power» холдингінің инвестициялық жобаларын алға бастыруға арналған жол картасы бекітілді. Фото: БҚО әкімі баспасөз қызметі
Батыс Қазақстанда инвестор тартуды күшейтетін жаңа меморандум мен жол картасы бекітілді
БҚО әкімдігі «KAZAKH INVEST»-пен меморандумға қол қойып, «Vega Power» жобаларына жол картасын бекітті. Инвестор қолдауы талқыланды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Сұлтанғали Кенжеқұловпен кездесіп, өңірге шетелдік капитал тарту және инвесторларды сүйемелдеу бағытындағы жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Кездесуде тараптар инвесторлар үшін қолайлы орта қалыптастыруға қажет тетіктерге, жобаларды іске қосу барысындағы әкімшілік кедергілерді азайтуға және сапалы сервистік қолдауға басымдық берді. Әкім өңірде бұл бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатқанын айтып, соңғы нәтижелерге тоқталды.
Облыс делегациясы өткен жылы Қытай Халық Республикасына екі рет барып, келіссөздер қорытындысында энергетика, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені және өзге де салалардағы бастамаларды пысықтаған. Соның аясында 11 инвестормен өзара түсіністік туралы келісім жасалып, жалпы 19 жобаны алға жылжыту мәселелері қағаз жүзінде бекітілді.
Кездесуге өңірдегі ірі инвесторлардың бірі саналатын «Vega Power» компаниясының басшысы да қатысып, жобаларды іске асыруға қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·