Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артты

ӨКҚ-да болған брифингте БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірге тартылған инвестициялардың арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғаны атап өтті. Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибенің, мүмкіндіктердің келуіне мүмкіндік ашу. Бұл өз кезег

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··1 мин оқу
Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артты
ӨКҚ-да болған брифингте БҚО әкімі Нариман Төреғалиев өңірге тартылған инвестициялардың арқасында мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғаны атап өтті. Елге инвестиция тарту – тек қаржы көзі ғана емес, сондай-ақ, шетелдік тәжірибенің, мүмкіндіктердің келуіне мүмкіндік ашу. Бұл өз кезегінде дамудың жаңа бағытына, ауқымды өзгерістерге, экономиканың әр саласына тың серпін береді. Осы бағытта Батыс Қазақстан облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.   Биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 437 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 342 млрд.теңге. Тартылған инвестициялардың арқасында өңірде 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. Өнеркәсіп саласында биыл 2,6 трлн.теңгенің өнімі өндірілді. Алдағы 5 жыл ішінде 2,4 трлн. теңгеге 42 инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда.    

Ұқсас материалдар

Батыс Қазақстан облысына тартылған инвестиция көлемі артты · Todayinfo