Бақтияр Артаевқа Вэл Баркер кубогы ресми түрде қайтарылды
Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен маңызды кездесу өтті, деп Тodayinfo ақпараттық порталы. Бұл жиынның басты мақсаты – Артаевқа Вэл Баркер кубогын ресми түрде табыстау болды. Федерация өкілд

Астанада Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп пен Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаевтың қатысуымен маңызды кездесу өтті, деп Тodayinfo ақпараттық порталы.
Бұл жиынның басты мақсаты – Артаевқа Вэл Баркер кубогын ресми түрде табыстау болды. Федерация өкілдері аталмыш шешімді ресми түрде жариялады.
Вэл Баркер Кубогы: Олимпиададағы үздік боксшы жүлдесі
Вэл Баркер кубогы – Олимпиада ойындарында ең үздік боксшыға берілетін ерекше марапат. 2004 жылы Афина Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Бақтияр Артаев сол жарыстың үздік былғары қолғап шебері ретінде танылып, осы беделді жүлдеге ие болған еді.
Жүлдені қайтару жолындағы қадамдар
Бұған дейін Бақтияр Артаев белгілі себептерге байланысты Вэл Баркер кубогын халықаралық ұйымға тапсырған болатын. Алайда, бірнеше жыл бойы бұл мәселе шешімін таппай келді. Қазақстан бокс федерациясы әлемдік спорттағы құнды жәдігер саналатын жүлдені елге қайтару үшін қажетті жұмыстар жүргізіп, нәтижесінде кубок өз иесіне қайтарылды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·