Ауылдың «старшактары» ұрған: Маңғыстауда серуенге шыққан бозбаланы достары үйіне өлі күйінде әкелді
Бейнеу ауданында достарымен бірге серуенге шыққан 17 жастағы бала көз жұмды. Марқұмның ата-анасы жалғыз ұлдары жауыздардың қолынан қаза тапқанына сенімді. Өйткені жас балаларды ересектер ұрған, деп хабарлайды Todayinfo. Марқұмның достарының айтуынша, сол күні оларды ауылдың "стар

Бейнеу ауданында достарымен бірге серуенге шыққан 17 жастағы бала көз жұмды. Марқұмның ата-анасы жалғыз ұлдары жауыздардың қолынан қаза тапқанына сенімді. Өйткені жас балаларды ересектер ұрған, деп хабарлайды Todayinfo.
Марқұмның достарының айтуынша, сол күні оларды ауылдың "старшактар" қатарға тұрғызып қойып соғыпты. Сол кезде Сағындық соққыны көтере алмай құлаған көрінеді. Достары оны дәрігерге апарған. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның қайтыс болғанын айтқан.
Марқұмның туыстарының сөзінше, бозбаланың денесінен ұрып-соғу белгілеріне ұқсас дақтарды көріп, Ақтау қаласына сараптамаға әкелген.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиға қатысы бар күдікті ұсталған.
– Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді. Оның соңы адам өліміне әкеп соқты деген дерекпен (ҚР ҚК 196-бабының 3-бөлігі) күдікті ұсталды, – делінген хабарламада.
Фото: Freepik
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·