Атырауда «көкек ана» екі нәрестесін кезек-кезек сатып жіберген
Атырау қаласында жаңа туған сәбилерін сатып жіберген әйелдің аппеляциялық шағымы қаралды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. Сот материалдарына сәйкес, жауапқа тартылған әйел жүкті болып жүргенде материалдық жағдайын жақсарту мақсатында баласы дүниеге келгеннен кейін

Атырау қаласында жаңа туған сәбилерін сатып жіберген әйелдің аппеляциялық шағымы қаралды, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сот материалдарына сәйкес, жауапқа тартылған әйел жүкті болып жүргенде материалдық жағдайын жақсарту мақсатында баласы дүниеге келгеннен кейін сатып жіберуге шешім қабылдаған. Бір отбасымен де келіскен. Ал босанғаннан кейін жаңа туған нәрестені сатып жіберген.
Уақыт өте келе ол тағы жүкті болады. Сол кезде алаяқтық жолмен ақша табуға бел байлайды. Екі отбасыға туатын баласын белгілі бір сомаға сатуға уәде береді. Бірақ ақшасын алып, қашып кеткен. Сөйтіп жәбірленушілер 2,3 млн теңгеден айырылған. Ал алаяқ ана басқа отбасымен келісім жасаған. Олар бала дүниеге келгенше шотына ақша аударып тұрған. Сосын жаңа туған нәрестені солар алып кеткен. Отбасылық жұптар балаларды ақшаға сатып алып, олардың туу туралы куәліктеріне өз аттарын жаздырып алған.
Сот үкімімен балаларын сатқан және алаяқтық жасаған ана 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал нәрестелерді сатып алған отбасылар шартты түрде 3 жылға сотталды. Барлығы апелляциялық шағым түсірді.
Апелляциялық алқа бұған дейінгі сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·