«Мемлекеттің біртұтастығы, Қазақстан аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі және оған қол сұғылмаушылығы туралы норма өзгеріссіз қалады», — деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.Естеріңізге сала кетейік, Конституциялық комиссияның алдыңғы отырысында айтылған бұл ұсынысты кейбір азаматтар дұрыс түсінбей, әлеуметтік желіде дабыл қаққан болатын. Алайда, бұл Конституциялық комиссия бұл мәселеге бүгін нақты жауап беріп, нүктесін қойды. Конституциядағы Қазақстанның біртұтастығы мен аумағының бөлінбейтіні туралы норма өзгертілмейді. Фото: скрин
Ата Заңдағы Қазақстанның біртұтастығы туралы норма өзгеріссіз қалады
Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата Заңға белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін

Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның төртінші отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Ата Заңға белгілі бір аумақтарға қаржы саласында арнайы құқықтық режим енгізу немесе «жылдам даму қалалары» деп аталатын қалаларды құру мүмкіндігін қарастыратын норманы енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді.
Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, бұл ең алдымен Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының қызметі және Алатау қаласын дамытуға қатысты. Аталған шаралар республиканың тиімді экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұған қоса, ол бұл ұсыныс Қазақстанның біртұтастығы мен оның аумағының бөлінбейтіндігі туралы нормаға ешқандай әсер етпейтінін алға тартып, әлеуметтік желіде тарап жатқан қауесет пен екіұшты пікірлерді жоққа шығарды.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·