Астананың іргесіндегі ауылда су тасыды
[Ведомствоның хабарлауынша, кеше түнде Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында қардың қарқынды еруі мен еріген сулардың түсуіне байланысты ауыл бойымен өтетін жасанды арна суға толып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 30 минуттың ішінде арнаны

[Ведомствоның хабарлауынша, кеше түнде Целиноград ауданындағы Талапкер ауылында қардың қарқынды еруі мен еріген сулардың түсуіне байланысты ауыл бойымен өтетін жасанды арна суға толып кеткен.
Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар 30 минуттың ішінде арнаны қалпына келтірген. Ашық учаскелерден және су басқан аула аумақтарынан еріген су техникамен сорылған.
Биылғы тасқын Қазақстанның бірнеше өңірінде болып, жылдағыдан қарағанда күрделі жағдай туғызды. Әуелі Көкшетаудағы Қылшақты өзені арнасынан асып, 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көпқабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ "Еркөстік"балабақшасының 1-қабатына су жайылған.
25 наурызда Көкшетау қаласындағы № 22 орта мектеп ғимаратын еріген су басып қалды.
Ақтөбедегі Сазды өзені арнасынан асты.
Бас прокуратура Қазақстандағы су тасқынының салдары туралы мәлімдеме жасады. Ең күрделі жағдай Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Абай және Ұлытау облыстарында байқалатынын хабарлады.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.
Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·