Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астананың екінші әуежайы: Картадағы құпия белгі қай жерді нұсқап тұр?

Фотодан табылған дерек: Астананың екінші әуежайы қайда салынуы мүмкін? Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан темір жолы» ҰК басшысы Талғат Алдыбергеновтің кездесуінен кейін желіде қызу талқы басталды. Ресми кездесуден жарияланған фотосуретте елорданың екінші әуежай

Авторы Мейіржан Әуелханұлы··2 мин оқу
Астананың екінші әуежайы: Картадағы құпия белгі қай жерді нұсқап тұр?

Фотодан табылған дерек: Астананың екінші әуежайы қайда салынуы мүмкін?

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек пен «Қазақстан темір жолы» ҰК басшысы Талғат Алдыбергеновтің кездесуінен кейін желіде қызу талқы басталды. Ресми кездесуден жарияланған фотосуретте елорданың екінші әуежайының орналасуы мүмкін жері байқалып қалды.

Бұл жаңалық ресми түрде жарияланбаса да, қырағы оқырмандар картадан жаңа нысанның қай аумақта белгіленгенін анықтап үлгерді.

Жаңа әуе айлағының локациясы

Баспасөз релизіне тіркелген фотодағы карта-схемаға сүйенсек, жаңа әуежай қаланың солтүстік бөлігінде бой көтеруі мүмкін.

Нақтырақ айтқанда, бұл аумақ Астана – Қарағанды автожолының солтүстігіне қарай, №102 теміржол разъезінің маңында орналасқан. Бұл локация қаланың қазіргі қарбалас тіршілігінен тыс, логистикалық тұрғыдан ыңғайлы нүкте ретінде қарастырылып отырған сыңайлы.

Кездесуде не талқыланды?

Әкім мен ҚТЖ басшысы тек әуежай мәселесін емес, жалпы қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғырту жоспарларын талқыға салды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

  • Теміржол қатынасын қалалық ортаға интеграциялау;

  • Көлік кептелісін азайту;

  • Жеке инвесторларды тарта отырып, қаланы айналып өтетін теміржол желісін салу.

Естеріңізге сала кетейік, елордада екінші әуежай салу мәселесі бұған дейін де көтерілген болатын. 2024 жылдың қыркүйегінде Үкімет кулуарларында мұндай жобаның қажеттілігі мен мүмкіндіктері талқыланғаны туралы ақпарат БАҚ беттерінде жарияланған еді.

Ұқсас материалдар