Астанада қыркүйекте LRT желісі сынақтан өткізіледі
Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды - бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Шпал төсеу және рельс монтажд

Астанада жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі күні рельстің 11 шақырымы төселіп, бетонмен нығайтылды - бұл желінің эстакадалық бөлігінің жалпы ұзындығының 50% құрайды, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Шпал төсеу және рельс монтаждау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес барлық учаскелерде жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары негізгі нысандардың - «Нұрлы жол» теміржол вокзалының, Халықаралық әуежайдың, Министрліктер үйінің және Республикалық бас мешіттің маңында жалғасып жатыр.
Қазіргі уақытта барлық құрылыс және инженерлік жұмыстар қалыпты режимде атқарылуда. Сонымен қатар, станциялар инфрақұрылымы мен электрмен жабдықтау жүйелерін дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
Астанадағы жеңіл рельсті көлікті сынақтық іске қосу 2025 жылдың қыркүйек айына жоспарланған.
Ұқсас материалдар

Астана
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Жаннұр Еділбаева·

Астана
Nazarbayev University пәтерінен қару табылды: полиция қылмыстық іс қозғады
Todayinfo редакциясы·

Астана
Астанада Жеңіс күні әскери техника көрмесі мен концерттер өтеді
·

Астана
Астана презентовала подготовку к чемпионату мира по настольному теннису в Лондоне
Жаннұр Еділбаева·