Todayinfo.kz
ЖаңалықтарБарлық жазбаларды қарау

Астанада 30 градус аяз болады: оқушылардың бір бөлігі сабақты онлайн оқиды

Астанада ауа температурасының -30 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 25 ақпанда 0-9 сынып оқушылары бірінші ауысымда қашықтан оқиды.

Авторы Мұхтар Жексенбай··1 мин оқу
Астанада 30 градус аяз болады: оқушылардың бір бөлігі сабақты онлайн оқиды
Астанада ауа райының күрт суытуына байланысты 25 ақпанда оқушылардың бір бөлігі мектепке бармайды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Елорданың білім басқармасының мәліметінше, бірінші ауысымда білім алатын 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді.
"Ауа райының нашарлауына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты 25 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді", - делінген басқарма хабарламасында.
«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша, 25 ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде -28...-30°C, ал күндіз -13...-15°C шамасында болады. Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас материалдар

Астанада 30 градус аяз болады: оқушылардың бір бөлігі сабақты онлайн оқиды · Todayinfo