«Президенттің тапсырмасын орындау үшін арнайы мамандар тобы құрылды. Барлық қызметкер арнайы техникамен жұмыс істеу үшін қажетті оқытудан және дайындықтан өтті. Астана су қоймасы - елорданы сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын стратегиялық нысан. Заманауи техниканың арқасында біз бұл су қоймасын жарты ғасырдан кейін алғаш рет тазартып, жұмысты жақсы әрі тиімді атқара аламыз», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Ауыз су қоры артады: Астана су қоймасы 55 жылдан кейін алғаш рет тазартылып жатыр
Кешенді тазарту жұмысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатыр. Су қоймасын тазартуға арнайы екі техника жұмылдырылған: сағатына 2000 текше метрге дейін түрлі шөгінділерден тазартатын үлкен жерснаряд және қуа

Кешенді тазарту жұмысын Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен «Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы жүргізіп жатыр. Су қоймасын тазартуға арнайы екі техника жұмылдырылған: сағатына 2000 текше метрге дейін түрлі шөгінділерден тазартатын үлкен жерснаряд және қуаты сағатына 900 текше метрге дейін жететін көпфункционалды әрі өздігінен жүретін шағын жерснаряд, деп хабарлайды Todayinfo.
Биыл Астана су қоймасынан 50 мың тонна лай шығару жоспарланған. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін жалғасып, жыл сайын 13 жыл қатарынан жүргізіледі.
Нәтижесінде Астана су қоймасының сыйымдылығы 47 млн текше метрге артады. Нысан көбірек су жинап, елорда тұрғындарын сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді.
Астана су қоймасы 1970 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде нысанды түбіндегі шөгінділерден тазарту алғаш рет жүргізіліп жатыр.
Ұқсас материалдар

Астана
Танымал бейнероликтің кейіпкері үш жасар Әміреге Мемлекет басшысының Алғыс хаты табыс етілді
Жаннұр Еділбаева·

Астана
Nazarbayev University пәтерінен қару табылды: полиция қылмыстық іс қозғады
Todayinfo редакциясы·

Астана
Астанада Жеңіс күні әскери техника көрмесі мен концерттер өтеді
·

Астана
Астана презентовала подготовку к чемпионату мира по настольному теннису в Лондоне
Жаннұр Еділбаева·