Арыстан апанына құлап кеткен күзетшіні талап өлтірді
Фото: instagram.com/almatyzoo Мысырдың Эль-Файюм қаласында орналасқан зообақта қайғылы оқиға болды. Арыстан қызметкерге шабуыл жасап, оның өмірін қиған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Қайтыс болған азамат 47 жастағы зообақ қызметкері, оның негізгі міндет

Фото: instagram.com/almatyzoo
Мысырдың Эль-Файюм қаласында орналасқан зообақта қайғылы оқиға болды. Арыстан қызметкерге шабуыл жасап, оның өмірін қиған, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Қайтыс болған азамат 47 жастағы зообақ қызметкері, оның негізгі міндеті аумақты күзету болған. Оқиға күні ол абайсызда тепе-теңдігін жоғалтып, арыстанның вольеріне құлап кеткен. Жыртқыш ер адамға шабуыл жасап, бірнеше рет басынан тістеген.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері арыстанға оқ атып, оны залалсыздандырды.
Қайғылы жағдайдан кейін Эль-Файюм билігі қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында зообақты уақытша жабу туралы шешім қабылдады.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·