“3 қазан таңғы сағат 6:30-да Мерседес көлігінің жүргізушісі шұңқырға кіріп кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 39 жастағы әйел зардап шеккен жоқ. Сараптама жүргізушінің мас болғанын көрсетті. Хаттама жасалып, сотқа жолданды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ақтөбеде мас жүргізушінің кесірінен 500-ден астам отбасы газсыз қалды
Ақтөбеде көлік шұңқырға түсіп кетіп, салдарынан газ құбырлары бұзылған. Оқиға таңғы уақытта болған. Жүргізуші әйел мас болған екен. Апаттың кесірінен 500-ден астам отбасы тұратын сегіз көпқабатты үй газсыз қалды. Қызыл Мерседестің бар жылдамдықпен шұңқырға құлаған сәті

Ақтөбеде көлік шұңқырға түсіп кетіп, салдарынан газ құбырлары бұзылған.
Оқиға таңғы уақытта болған. Жүргізуші әйел мас болған екен. Апаттың кесірінен 500-ден астам отбасы тұратын сегіз көпқабатты үй газсыз қалды.
Қызыл Мерседестің бар жылдамдықпен шұңқырға құлаған сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Көлікте тағы кім болғаны белгісіз.
Мас жүргізушінің кесірінен 560 абонент пәтерінде көгілдір отынсыз қалды. Жаңа ғимаратқа газ құбырын тарту үшін шұңқыр қазылып, ол жерді қоршап қойған екен. Сондай-ақ көлік тас жолды зақымдаған. Төтенше жағдайлар қызметі көмекке келді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·