«Ақша қысқарып, жұмыс көбейді»: Маңғыстау-Ақтөбе пойызының жолсеріктері Президентке үндеу жасады (ВИДЕО)
«Otpan Logistic» компаниясына қарасты №109 және №110 Маңғыстау – Ақтөбе бағытындағы пойыздарының жолсеріктері наразылыққа шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Жолсеріктердің сөзінше, бастапқыда компания мен қызметкерлер арасындағы келісімшарт қолайлы болған. Кейі

«Otpan Logistic» компаниясына қарасты №109 және №110 Маңғыстау – Ақтөбе бағытындағы пойыздарының жолсеріктері наразылыққа шықты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Жолсеріктердің сөзінше, бастапқыда компания мен қызметкерлер арасындағы келісімшарт қолайлы болған. Кейін жұмысшылар әлеуметтік жеңілдіктер мен артықшылықтардың бір бөлігінен айырылған. Әлеуметтік пакет қысқарып, пансионаттар мен тоқсандық төлемдер жойылған.
Қызметкерлердің айтуынша, тіпті 109 және 110 пойыздарды тендер арқылы сату жоспарланып отыр, бірақ жолсеріктер «жекенің қолына өтуді» қаламайды. Енді қызметкерлер «Жолаушылар тасымалы» АҚ қарамағына қайта өткізуді сұрап отыр.
Жолаушылар Маңғыстау-Ақтөбе бағыты бойынша жолаушылар тасымалы сапасына қатысты мәселені бұған дейін де көтерген. Бұл бағыттағы пойызға жекеменшік «Otpan Logistic» серіктестігі қызмет көрсетеді.
Қазақстанның теміржол жолаушылар тасымалы нарығында 15 компания жұмыс істейді: ұлттық оператор – «Жолаушылар тасымалы» АҚ және 14 жеке жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Депозит, доллар или недвижимость: куда выгодно вложить 1 млн тенге в 2026 году?
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
43 градус ыстық: «Қазгидромет» 18-20 маусым күндері сақ болуды ескертті
Айдар Керім·

Жаңалықтар
Правозащитники или иностранное финансирование? Депутаты предлагают расширить прозрачность грантов
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Құқық қорғаушылар ма, әлде шетелдік қаржыландыру ма? Депутаттар гранттардың ашықтығын арттыруды ұсынды
Жаннұр Еділбаева·