Ақмола облысында жасырын цехта алтын өңдегендер ұсталды
Ақмола облысында алтын құрамды материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Заводской кентінен заңсыз жабдықтар табылып,

Ақмола облысында алтын құрамды материалды заңсыз өңдеумен айналысқан жасырын цехтың қызметі тоқтатылды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Заводской кентінен заңсыз жабдықтар табылып, шағын өндіріс орны әшкереленген. Жасырын цех иесі – Ақсу кентінің 38 жастағы тұрғыны екені анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, ол алтын құрамды материалды өңдеу процесін өз бетінше ұйымдастырған.
Тексеру барысында арнайы жабдықтар мен заңсыз әрекетті дәлелдейтін заттай айғақтар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 295-1-бабының 1-бөлігі (бағалы металдардың заңсыз айналымы) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар заңсыз өнімді өткізу арналары анықталып жатыр.
Фото: Ақмола облысы ПД
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·