Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Полиция мәліметінше, 24 сәуір күні Макинск қаласындағы медициналық мекемеге 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақаттарымен жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кү

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасады деген күдікпен жас жігіт ұсталды.
Полиция мәліметінше, 24 сәуір күні Макинск қаласындағы медициналық мекемеге 18 жастағы жергілікті тұрғын пышақ жарақаттарымен жеткізілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында екені хабарланды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жергілікті дереккөздердің мәліметінше, оқиға стадионда волейбол ойыны кезінде болған. Бетперде таққан жас жігіт келіп, 11-сынып оқушысының бетіне бұрыш газы сеуіп, кейін оны мойны мен іш тұсынан бірнеше рет пышақтаған. Осыдан соң ол оқиға орнынан кетіп қалған.
Фото: полиция
Ұқсас материалдар

Өзгекті жазбалар
Прокуратура Ақбаян Мұқанғалиеваға жүргізілген психиатриялық сараптаманың қорытындысын жариялады
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Ыстық бұлақтың басына көмген: Шонжыда 29 жастағы жігітті өлтіріп кетті
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шайдоровтың шырылы : министрлік жалақысыз қалған чемпион жайлы шындықты мойындады (ВИДЕО)
Айдар Керім·

Өзгекті жазбалар
Шырқыраған Шайдоров: Олимпиада чемпионы жарты жылдай жалақы алмаған
Айдар Керім·