Фото: pixabay[/caption]
Ақмола облысы Макинскіде мектептен оқу қаруын ұрлаған ер адамға үкім шықты
Макинск қаласында мектеп сейфін бұзып, оқу автоматы мен пневматикалық винтовкаларды ұрлаған ер адам 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.

Ақмола облысының Макинск қаласында мектептен оқу мақсатындағы қаруды ұрлаған ер адам сотталды. Тергеу дерегінше, ол білім ордасында жөндеу жұмыстарына тартылған кезде қылмысқа барған.
Бұл туралы Todayinfo порталы хабарлайды.
Сот анықтағандай, өткен жылдың жазында жергілікті тұрғын мектеп ішіндегі металл сейфті бұзып кіріп, оқу автоматы – Калашниковтың макетін, Baikal маркалы екі пневматикалық спорттық винтовканы және тағы бір пневматикалық винтовканы алып кеткен.
Келтірілген шығын 300 мың теңгеден асқан. Қару-жарақтың оқу немесе спортқа арналған нұсқалары болғанымен, мүліктің заңсыз қолды болуының өзі бөлек қауіп тудырады.
[caption id="attachment_125709" align="alignnone" width="1280"]
Фото: pixabay[/caption]
Фото: pixabay[/caption]
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·