Америкадан Орталық Азия мен Үндістан азаматтары депортацияланды
Фото: Reuters Америкадан депортацияланған еңбек мигранттарының бір тобы Коста-Рикаға келді. Бұл ел АҚШ-тан шығарылған 200 Орталық Азия мен Үндістан азаматтарын қабылдауға келіскен. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порта

Фото: Reuters
Америкадан депортацияланған еңбек мигранттарының бір тобы Коста-Рикаға келді. Бұл ел АҚШ-тан шығарылған 200 Орталық Азия мен Үндістан азаматтарын қабылдауға келіскен. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы Reuters басылымына сілтеме жасап.
Коста-Рикаға жеткізілген топтың ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия мен Вьетнам, Әзірбайжан, Иран, Иордания мен Гана азаматттарының отбасы мүшелері бар. Барлығы 135 адам. Олардың жартысынан көбі кәмелет жасына толмағандар, арасында екі жүкті келіншек бар.
Мигранттар тобын Сан-Диегодан Коста-Рика астанасы Сан-Хосеге жеткізілді. Әрі қарай автобуспен Панамамен шекарада орналасқан мигранттар панажайына барды.
Қауіпсіздік министрінің орынбасары Омер Бадилла мигранттарға Коста-Рикада қалуға 1 ай уақыт беріледі. Әрі қарай ел билігі олардың елдеріне қайта мәселесін реттейді.
Омер Бадилла әр мигранттың жағдайы «жеке сарапталатынын» айтады. Себебі туған елдерінде өмірлеріне қауіп төнбейтініне көз жеткізу керек дейді. Кейбірі Коста-Рикадан босқын мәртебесін сұрауы мүмкін.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·