«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу жарияланды
Алматы облысындағы «Алтын Орда» көтерме базарының бұрынғы басшыларына қайтадан іздеу жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталындағы мәліметке сәйкес, 1984 жылы туған Қанат Алмабек пен 1982 жылғы Данияр Әбдіғапаровқ

Алматы облысындағы «Алтын Орда» көтерме базарының бұрынғы басшыларына қайтадан іздеу жарияланды, деп хабарлайды Todayinfo.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми порталындағы мәліметке сәйкес, 1984 жылы туған Қанат Алмабек пен 1982 жылғы Данияр Әбдіғапаровқа қатысты іздестіру ісі 2025 жылғы 23 мамырда тіркелген. Іздеу жұмыстарын Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Еске сала кетейік, 2022 жылғы ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда» базарындағы тәртіпсіздікті жоюға тапсырма берген болатын. Аталған нысан бұрынңы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм болған інісі Болат Назарбаевқа байланысты болған.
Тексеру нәтижесінде базар аумағында 3,5 миллион АҚШ долларына жуық салықтық заңбұзушылық анықталды және монополиялық жоғары баға белгілегені үшін күдікке ілінді.
Ал 2023 жылдың маусым айында базардың бас директорының орынбасары ұсталып, басқа да басшылық өкілдеріне іздеу жарияланған еді. Араға уақыт салып, олардың аты-жөні қайтадан іздеудегі тұлғалар тізімінде пайда болды.
Фото: altynordaresmi.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Бекзат Саттархановқа жыр арнаған түрік ақыны – Фатих Кескин
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Правительство приступило к комплексной реализации плана по развитию культуры чтения и формированию читающей нации
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Арыси пьяная водительница насмерть сбила трех человек и скрылась
Жаннұр Еділбаева·