«Алтын доп» иегерін қарақшылар тонап кетті
Атыс қаруымен жарақтанған италиялық қарақшылар Винченце провинциясында «Алтын доп» иегері және 1994 жылғы әлемнің вице-чемпионы Роберто Баджоның үйіне басып кірген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Halyquni -не сілтеме жасап. Бейсенбі, яғни 20 маусымда 5 адамна

Атыс қаруымен жарақтанған италиялық қарақшылар Винченце провинциясында «Алтын доп» иегері және 1994 жылғы әлемнің вице-чемпионы Роберто Баджоның үйіне басып кірген, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі Halyquni-не сілтеме жасап.
Бейсенбі, яғни 20 маусымда 5 адамнан тұратын қарулы топ кешке Роберто Баджоның үйіне басып кіргенде Испания-Италия матчы болып жатқан. Оқиға барысында қаруланған адамның бірі өздеріне қарсыласқан Баджоның басынан тапаншамен ұрған. Бұдан кейін футболшыны өзінің отбасымен бірге бөлмеге қамап, қарақшылар үйдегі бағалы заттарды тонаған.
Арада 40 минутқа жуық уақыт өткеннен кейін Баджо өзінің отбасымен бірге бөлмеден сытылып шығады. Кейін ауруханаға жеткізіліп, оған арнайы көмек көрсетілді.
Қазір жергілікті құқық қорғау органдары қарақшыларды іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, Роберто Баджо 1993 жылы «Алтын доп» иегері атанған. Спорт мансабы барысында шабуылшы «Венеция», «Фиорентина», «Болонья», «Брешия», «Интер», «Милан» және «Ювентус» сияқты клубтарда өнер көрсетіп, көптеген турнирде жеңімпаз болды.
Сондай-ақ ол Италия құрамасының сапында 27 гол салған. Әлем чемпионатының қола (1990), күміс (1994) медальдарын иеленген.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·