«Алтын болмауы мүмкін»: Ризабек Айтмұқанның Азия чемпионатындағы басты қарсыластары анықталды
Наурыздың аяғында Иордания астанасына құрлықтың ең үздік балуандары жиналады Еркін күрестен 97 келіде белдесетін Ризабек Айтмұқанға құрлық біріншілігінде екі балуан ең негізгі қарсылас атануы мүмкін екені болжанып отыр. Оның бірі – Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов болса, екінші

Наурыздың аяғында Иордания астанасына құрлықтың ең үздік балуандары жиналады
Еркін күрестен 97 келіде белдесетін Ризабек Айтмұқанға құрлық біріншілігінде екі балуан ең негізгі қарсылас атануы мүмкін екені болжанып отыр. Оның бірі – Олимпиада чемпионы Ахмед Тажудинов болса, екіншісі жапониялық – Араш Йошида (Жапония).
«Күншығыс елінің» балуаны жақында Хорватияда өткен рейтингтік турнирде америкалық даңқты спортшы, Олимпиада чемпионы Кайл Снайдерді жеңген болатын.
Сонымен қатар, Азия чемпионатында Иран балуаны да Ризабек үшін басты қарсыластардың бірі атануы мүмкін.
25 наурызда Иордания астанасы Амманда басталатын күрес түрлерінен Азия чемпионатының алғашқы екі күнінде грек-рим күресі балуандары белдессе, 27-28-де бозкілемге бұрымды балуандар шығады. Ал еркін күрес шеберлері 29-30 наурыз күндері күреседі. Бұл ретте Ризабек Айтмұқан 29 наурыз күні бағын сынайды.
Естеріңізде болса, әлем чемпионы Ризабек былтыр сәуір айының басында Бішкекте өткен құрлық біріншілігінің финалына дейін жетіп, шешуші белдесуде Ахмед Тужудиновке 4:2 есебімен жол берген еді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·