ALT University студенттері асфальтбетон зауытында тәжірибе жинауда
ALT University-дің 3-курс студенттері Алматы қаласындағы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы базасында кәсіби тәжірибеден өтіп жатыр. Болашақ жолшылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, жол саласының нақты өндірістік процестеріне қатысуда, деп хабарлайды Todayinfo а

ALT University-дің 3-курс студенттері Алматы қаласындағы Жол активтері сапасының ұлттық орталығы базасында кәсіби тәжірибеден өтіп жатыр. Болашақ жолшылар теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, жол саласының нақты өндірістік процестеріне қатысуда, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін студенттер орталық инженерлерімен бірге қаладағы жолдардың сапасын тексеріп, құрылыс және жөндеу жұмыстарының барысын көзбен көріп, өлшеу және талдау құрылғыларымен жұмыс істеген болатын. Ал бұл жолы студенттер Алматыдағы асфальтбетон өндіретін зауытқа барып, құрылыс материалдарының өндіріс процесімен жақынырақ танысты.
Зауытқа ұйымдастырылған экскурсияны Жол активтері сапасының ұлттық орталығының Алматы қаласындағы филиалының инженері Досжан Сұрапбергенов өткізді. Ол студенттерге зауыт жұмысының құрылымы, өндіріс кезеңдері және жол төсемесіне арналған асфальтбетон қоспасының дайындалу технологиясы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Зауыт мамандары студенттерге өндірістегі қауіпсіздік талаптары, материал сапасын бақылау әдістері мен құрылысқа жеткізу тізбегі жөнінде де түсініктеме беріп, зауыттың ішкі жұмыс барысымен таныстырды.
Практика барысында алынған білім болашақ инженерлердің кәсіби даярлығын арттырып, нақты салада жұмыс істеуге деген қызығушылығын оятуда.
Ұқсас материалдар

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·