Алматының Алатау ауданында 100 шақырымнан астам жол жаңарды
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында өткен брифинг барысында Алатау ауданының әкімі Данияр Қырықбаев жол инфрақұрылымын дамыту барысы туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Қазір ауданда 86,4 шақырым болатын жол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Ол жұмыс Шаңырақ-1, Шаңырақ-2, «14-территория», Ақбулак, Алғабас, Зерделі, «АЗТМ», Боралдай, Байбесік, Шапағат, Өжет, «Птицевод», Қарасу, Саялы-1, Саялы-2, Көкқайнар, Самғау, Төлебай сияқты 18 шағынауданды қамтыған.
Жөндеу жұмысы тамыз айында басталып, 172 көшені қамтыды.
Сонымен қатар, ауданда Боралдай және Рахат–Мәдениет шағынаудандарында Алматы қалалық мобильділік басқармасының тапсырысымен жаңа жол да салып жатыр. Тағы 45 көшеде шұңқырлар бітеліп, тегістеліп, 50 мың шаршы метр жол жабыны жаңартылды.
Ұқсас материалдар

Алматы
В Алматы открылся второй экохаб
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматыда екінші экохаб ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
10 бағыт – бір тәсіл: Алматыдағы №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасында балаларға арналған құзыреттілік орталық ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Алматы
Алматының шығыс бөлігінде Almaty Promenade жобасы жүзеге асырылады
Жаннұр Еділбаева·