Алматыдағы Саин көшесі қашан бітеді: мердігер Сатыбалдыға нақты мерзімді атады
Алматы әкімдігі қаладағы Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жолдың қашан ашылатынын хабарлады. Жаңа мерзім – 20 мамыр.

Алматыда көптен күткен Саин көшесі мен Рысқұлов даңғылын жалғайтын жол айрығының ашылатын жаңа мерзімі белгілі болды. Қала әкімі Дархан Сатыбалдының жұмыс сапары кезінде мердігер компания жолды 20 мамырға дейін ашуға уәде берді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Мердігер компанияның өкілі қала басшысына құрылысты толық аяқтауға бір жарым ай уақыт қажет екенін жеткізді. Осылайша, жаңа жол мамыр айының соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.
Дархан Сатыбалды өз кезегінде жұмыс барысын жеке бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл нысанда қанша метр жол төселгені туралы ақпаратты апта сайын алып тұрады.
Сонымен қатар, әкімге жол құрылысы үшін мемлекет қажеттілігіне алынуы тиіс 220 жер телімінің 198-і алынғаны, ал қалған 22-сі бойынша жұмыс жүріп жатқаны баяндалды.
Фото: Әлеуметтік желіден
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·