«Жастар арасындағы қызығушылық жыл сайын артып келеді. Біздің мақсатымыз — тоғызқұмалақты Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстанда мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналдыру. Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін, күйзеліске төзімділігін артырып, зейінін дамытады», — деді ол.Мамандардың айтуынша, тоғызқұмалақ балалардың когнитивтік дағдысын дамытуға зор ықпал етеді: есте сақтау қабілетін жақсартады, стратегиялық ойлауды қалыптастырып, қиын жағдайда да шешім қабылдауға үйретеді. Биыл халықаралық жарыстарға дайындыққа ерекше көңіл бөлінді. Соның ішінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жүріп жатыр. Қазақстандық спортшылар ел намысын абыроймен қорғап, ұлттық мұраны әлемдік деңгейде таныту үшін жан-жақты жаттығып жатыр. Қазір тоғызқұмалақ жай ғана ойын емес, ол халықтың мәдени коды мен мұрасының маңызды бөлігі. Бұл зияткерлік спорт түрі қазіргі өмірге сенімді түрде еніп, ұрпақтарды біріктіріп, жаңа мүмкіндікке жол ашып жатыр. Фото: Алматы әкімдігі
Алматыда тоғызқұмалақ танымал болып келеді
Алматыда ұлттық зияткерлік спорт түрлерінің бірі — Тоғызқұмалаққа қызығушылық артып келеді. Жүрісті алдын ала болжай білуді талап ететін бұл стратегиялық ойын адамнан ойы ұшқыр болуын талап етеді. Жастар да осы ойынға соған бола құмартқан. Жарысқа қатысып қайтқан Өңірлік коммуник

Алматыда ұлттық зияткерлік спорт түрлерінің бірі — Тоғызқұмалаққа қызығушылық артып келеді. Жүрісті алдын ала болжай білуді талап ететін бұл стратегиялық ойын адамнан ойы ұшқыр болуын талап етеді. Жастар да осы ойынға соған бола құмартқан. Жарысқа қатысып қайтқан Өңірлік коммуникациялар қызметінің мамандарына сөз берелік енді.
Жарыс барысында қатысушылар ережені білумен шектелмей, өздерін салмақты ұстап, ойы де жүйрік екенін көрсетеді. Әр жүріс — мұқият ойластырылған қадам. Мұнда шабуыл жасап қана қоймай, дер кезінде қорғана біліп, қарсыластың қадамын есептеп, айласынан асыру білуі керек.
Алматы қалалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Руслан Қаллиолаевтың айтуынша, бұл ойынды дамыту басым бағыттың бірі екен:
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·