«Соңғы үш тәулік ішінде қала жолдарында 5 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Мас күйінде көлік басқарған 43 жүргізуші ұсталып, барлығы көлік басқару құқығынан шеттетілді. Сонымен қатар, 369 азаматтың көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғаны белгілі болды. 94 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция қызметкерлері қауіпті жүргізу, оның ішінде түнгі жарыстар деректерін анықтап, жолын кесті. Бұдан бөлек, жылдамдықты шамадан тыс арттырудың 2 мыңнан астам фактісі тіркелді», – делінген ПД хабарламасында.Ведомство мәліметінше, кейбір жүргізушілер өз құқық бұзушылықтарын әдейі бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы жазасыздық сезімін қалыптастыруға тырысады. Алайда әрбір осындай жағдай бақылауда, құқық бұзушылар анықталып, заң аясында жауапкершілікке тартылады.
«Заң мен тәртіп» орындалмайтын Алматы: полиция департаменті халық шулаған соң ғана "ұйқыдан" ояып, үн қатты
Фото: baq.kz Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, оның ішінде қауіпті жүргізу және түнгі жарыстар көбейіп келеді. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Алматы қаласы Полиц

Фото: baq.kz
Алматы қаласында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері, оның ішінде қауіпті жүргізу және түнгі жарыстар көбейіп келеді. Осыған байланысты қалалық Полиция департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жолдағы жағдайды тұрақтандыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында саптық бөлімшелер тарапынан рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·