Алматыда алдағы үш күнде қар жауады
Фото: Caravan.kz Қазгидромет Алматыда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы. Алматыдағы ауа райы болжамы: 30 қаңтар – Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен

Фото: Caravan.kz
Қазгидромет Алматыда 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Тodayinfo ақпараттық порталы.
Алматыдағы ауа райы болжамы:
30 қаңтар – Алматыда бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде қар, күндіз жауын-шашын (негізінен қар) жауады. Кей уақытта көктайғақ болады. Кешке тұман түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз 0...+2°C.
31 қаңтар – бұлтты ауа райы, кей кездері қар жауады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -5...-7°C, күндіз -2...-4°C.
1 ақпан – бұлтты ауа райы, кей кездері қар жауады. Жолдарда көктайғақ сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде -7...-9°C, күндіз -3...-5°C.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·