«Алматы тазалық» директоры ұсталды
Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Todayinfo.kz Антикорға сілтеме жасап. Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол мердігер ұйым өкілі

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Todayinfo.kz Антикорға сілтеме жасап.
Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Todayinfo.kz
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·