— Іздестіру барысында ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен «Локомотив» шыңы маңынан бір адамның денесі табылды. Марқұмның денесі теңіз деңгейінен 3 700 метр биіктіктен ТЖМ әуе техникасы арқылы төмен түсіріліп, полиция қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген хабарламада.Аталған дерек бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Марқұмның жеке басы барлық қажетті сараптама аяқталғаннан кейін анықталады. Қайтыс болған адамның туыстарына психологтар мен медицина қызметкерлері тарапынан қажетті көмек көрсетіліп, қалған екі азаматты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ал Құтқару қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға қар көшкіні салдарынан болуы мүмкін
Алматы тауларында жоғалған 3 адамның бірінің денесі табылды
Фото: Құтқару қызметі 26 желтоқсанға қараған түні Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне әйелден хабарлама түскен. Оның айтуынша, бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, содан бері хабарсыз кеткен. Жоғалған азаматтардың байланысқа шықпағаны

Фото: Құтқару қызметі
26 желтоқсанға қараған түні Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне әйелден хабарлама түскен. Оның айтуынша, бауыры екі досымен бірге 24 желтоқсан күні таңертең тауға шығып, содан бері хабарсыз кеткен. Жоғалған азаматтардың байланысқа шықпағанына 12 сағаттан асқан, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
Хабарлама түскен бойда іздестіру жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары жұмылдырылды. Олардың қатарында Республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖМ-нің апаттық медицина орталығының мамандары, Құтқару қызметі, полиция қызметкерлері мен еріктілер бар.
Оқиға орнында жедел штаб құрылып, ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» тікұшағы әуеге көтерілді. Әуе арқылы «Тұйықсу» мұздығы, «Мыңжылқы» шатқалы және «Локомотив» шыңы аумағы тексерілді.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Эколог сағаты: тәжірибе мен игі бастамалар алаңы
Todayinfo редакциясы·

Жаңалықтар
От домов культуры до современных музеев: масштабная модернизация культурной сферы Казахстана
Жаннұр Еділбаева·