Ләззат Каткееваға 8 жыл жаза: Алматы облысында аудандық білім бөлімінің басшысы мен 7 бухгалтер 686 млн теңгені жымқырған
Алматы облысында білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo. Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева мен бөлімнің 7 бухгалтерін

Алматы облысында білім беру саласындағы жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолы кесілді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады,деп хабарлайды Todayinfo.
Іле аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшысы Л.Каткеева мен бөлімнің 7 бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Тергеу мәліметтері бойынша, олар нақты еңбек қызметін атқармаған тұлғаларға жалақы аударып, 686 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырған.
Жүргізушісін мектепке жалған жұмысқа орналастырған
Сонымен қатар, Каткеева қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, өзінің жүргізушісін ведомстволық бағынысты мектеп-гимназияға 4,9 млн теңге көлемінде заңсыз жалақы тағайындалып отырған кәсіптік бағдар беруші ретінде жалған жұмысқа орналастырғаны анықталды.
Сот үкімі: өмір бойына мемлекеттік қызметке тыйым және бас бостандығынан айыру
Іле аудандық сотының үкіміне сәйкес:
Л.Каткеева – мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
7 бухгалтер – әрқайсысына мемлекеттік қызметте 10 жыл жұмыс істеуге тыйым салынып, 7 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Алайда, қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Әр адам кінәсіз деп есептеледі – заңнама талабы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабының 3-тармағы 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттың заңды күшіне енген үкімі шыққанға дейін әр адам кінәсіз деп есептеледі.
Ұқсас материалдар

Жаңалықтар
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

Жаңалықтар
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·